$ 443.85  474.3  4.8

Балалар үйінің шотынан 68 млн теңге жымқырған кім?

Балалар маған өз шоттарынан бірнеше жыл бойы банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алынғанын, дүкендерде төлем жасап, басқа адамдардың карталарына ақша аударылғанын дәлелдейтін үзінді көшірмелер көрсеткен болатын.
фото: total.kz
фото: total.kz

Алматы облысының Бағанашыл шағын ауданындағы №1 балалар үйінде тәрибеленушілердің шоттарынан қомақты қаражат жымқырды деп күдікке ілінген әлеуметтік педагогтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

«Былты тамыз айында маған Бағанашылдағы №1 Алматы облыстық балалар үйінің түлектері мен тәрибеленушілері жүгінді. Олардың мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік көмек аударуға арналған шоттарынан ақша ұрланған. Балалар маған өз шоттарынан бірнеше жыл бойы банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алынғанын, дүкендерде төлем жасап, басқа адамдардың карталарына ақша аударылғанын дәлелдейтін үзінді көшірмелер көрсеткен болатын», - дейді Аружан Саин.

Еске сала кетсек, тамыздың аяғына қарай осы оқиға бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылып, 30 жастағы күдіктіні Тараз қаласында қолға түсірген болатын. Ал биыл ақпан айында Алматы қаласындағы Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«Қазір әлеуметтік педагогқа қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі) және балалар үйінің директорына қатысты немқұрайлылық (ҚР ҚК-нің 371-бабы 1-бөлігі) фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне осы орайда алғыс білдіремін және балалар құқықтарының өрескел бұзылуына жол берген адамдар лайықты жазаға тартылады деп үміттенемін. Ең бастысы, балаларға келтірілген залал тезірек және толық көлемде өтеледі. Сот пен прокуратура бұған ерекше назар аударады деп сенемін», - деп жазды уәкіл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары