$ 439.4  473.54  4.76

Оңтүстікте жаңа 200 нысан бой көтеруде

Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда өңірде 200-ден аса нысан бой көтеруде. Оның ішінде мектептер мен балабақшалар көп деп хабарлайды жергілікті телеарналар.

Олардың басым бөлігі тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде тапсырылады. Сондай-ақ, халықты баспанамен қамту мақсатында қолға алынған «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында да көп қабатты үйлер де салынуда.

Мамандардың мәліметіне қарағанда, жыл сайын жалпы көлемі 410-420 мың шаршы метрді алатын баспаналар пайдалануға беріледі. Биыл бұл көрсеткіш 1 мың шаршы метрге артық болады дейді салаға жауаптылар.

Полатхан Салықов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Бүгінде өңірде құрылыс материалдарының таңдауы да кең. Аудандағылар дүкенде тұрған сырттан келетін тауарларға әуес. Біздікі олардың матариалдарынан сапалы келеді. Қазір жергілікті кәсіпкерлер өңірдегі құрылыс жұмыстарында қажетті өнімдермен 80 пайыз қамтып отыр.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында тура 25 мектептің пайдалануға берілетін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сыйға тартылатын 25 нысанның екеуі 600 орындық, 9 нысаны 300 орындық болса, қалған 14 білім мекемесі 100 және 200 балаға шақталған. Білім ошақтары негізінен, облысымыздың Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт және Мақтарал аудандарында орналасқан. Аталған ғимараттар пайдалануға берілгенде өңіріміздегі 6,5 мыңнан астам шәкірт жаңа мектептерде сауат ашып, тәрбиеленетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары