$ 443.35  475.54  4.82

Шымкенттің жолдары жаңартылуда

Шымкенттің 98 көшесінде орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Тәуке хан мен Қонаев даңғылдарының қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі салынып, Темірлан тас жолы мен Алматы-Ташкент автожолы қиылысындағы жол-көлік өткелі жөнделуде. Бұл құрылыс жұмыстарының бәрі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салынып бітеді.

Жалпы қала ішіндегі 90 көшені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы қайта құру жұмыстары басталған 7 көше және Қапал батыр көшесіндегі теміржол үстіндегі өткел, Темірлан тас жолы мен Мангельдин көшелері қиылысында жер үстіне салынатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жалғастыруға сметалық құжаттар әзірленген.

Шаһардағы 3 шағынауданның 13 көшесінде қайта құру жұмыстарын аяқтауға, 14 шағынауданның 59 көшесінде асфальттау жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Кала әкімдігінің тиісті салалық бөлімдері тарапынан маңызды 2 магистральды көшені қайта құруға, 11 шағынауданның 48 көшесін қүрделі жөндеуге және Рысқұлов көшесіндегі Самал базары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысындағы 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырым күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шақырым құрылыс пен қайта құру, 146,7 шақырым елді мекендердің көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары