Шыңғыс ханның ұлтына қатысты дау толастар емес.
Facebook қолданушысы Асылбек Досалы Шымкент қаласын “Алтын орда” бизнес орталығының алдында орналасқан LED экрандағы жазуды видеоға түсіріп, желіге жариялады деп жазды bugin.kz
Онда Шыңғыс ханның қазақ әрі Қоңырат руынан екені жазылған. Ал мұндай болжамды республикалық “Алпамыс батыр” қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Оңғарбаев жасапты.
“Шыңғыс хан – қазақ, руы – Қоңырат, Алпамыс батырдың ұрпағы. Шыңғыс қаған – менің ұлы бабам” деп жазылған LED экранда.
Бұған дейін тарихшылар Шыңғыс ханның ұлтына қатысты түрлі болжамдар жасап келеді. Алайда нақты тұжырым жоқ.