$ 448.15  483.46  4.86

«Түркістаннан Венецияның «жалкий» көшірмесін жасаудың түк керегі жоқ!» - журналист

Екеуі екі бөлек әлем, екі бөлек мәдениет.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Белгілі журналист Жолымбет Мәкіш Түркістан қаласының ешқашан ешқашан Венеция болмайтынын айтып, қазақ қоғамындағы еліктеушіліктің түбі неге апаратынын ашып айтты. Бұл туралы Paryz.kz жазады. 

Жолымбет Мәкіш бұл ойын өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 

"Үнемі еліктеумен өмір сүрген кезде адам баласы өзінің Құдай берген ерекшелігінен, өзгеге ұқсамайтын бітім-болмысынан айырылып, түбінде соның түкке тұрмайтын көшірмесі болып қалады екен. Түркістандағы Венецияны көргенде осы еске түсті. Өзінде бар нәрсенің қадірін білмей, өзгенің қаңсығына құмартып тұратын осындай жаман әдет біздің қоғамда белең алып барады. Қанша жерден әлем-жәлем қылсаң да, Түркістан ешқашан Венеция болып кете алмайды",-деді ол.

Оның ойынша, екі қала "екі бөлек әлем, екі бөлек мәдениет" екен. 

"Екеуі екі бөлек әлем, екі бөлек мәдениет. Венеция тіпті Италияның мәдениетіне де жатпайды. Венеция өзі бөлек жатқан, батыс пен шығысты бірдей еміп өскен өзгеше әлем ол. Сондықтан оны сол кездегі христиандардың өзі сәулетіне, осындай ерешелігіне қарап «сарациндар қаласы» деп атаған екен. Венецияны Венеция қылған – оның қолөнері, архитектурасы, экономикасы, флоты болатын. Түркістанды алдымен сол жағынан дамытып алсаңдаршы, тағы да тойхана салғандай болмай. Сонау жерден туристер Түркістанға Венецияның (жалкий) көшірмесін көруге келмейтін шығар?) Түркістан – Орталық Азия үшін, бүкіл түркі әлемі үшін сакральды орын",-деді ол.

Журналистің сөзінше Түркістанды көшірме жасамай, "оны осы қасиетімен, ерекшелігімен ары қарай дамыту керек" екен. 

"Одан жылтыраған бір көшірме жасамай, осы қасиетін, осы ерекшелігін ары қарай дамыту керек. Соңғы кезде әлеуметтік желіде де, Ютюбта да Тұран бірлігін, түркілер одағын құруды аңсайтындардың қарасы көбейді. Әзірбайжандар, құмықтар, қарашайлар мен балқарлар, татар, башқұрт бауырларымыздың Қазақстанды соның орталығы ретінде көргісі келетінін байқап жүрмін. Осындай амбициясы тұрғанда, аты дардай Түркістаннан айдаладағы Венецияның жалкий көшірмесі жасаудың түк керегі жоқ!",-деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары