Павлодарда екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні сағат 11.40-та Лермонтов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.
«Chevrolet Captiva маркалы автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан Toyota Chaser маркалы автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігінің кәмелетке толмаған екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Дәрігерлер тексергеннен кейін балалар үйлеріне жіберілді. Аталмыш факт тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері 2012 және 2020 жылдары туған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Жол апатына тап болған қалған үш ересек адам медициналық көмектен бас тартты.