Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкер Өмірхан Оразымбетов үшін кәсіптегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды деп жазды azattyq-ruhy.kz.
Былтыр тойхана салған кәсіпкердің жаңа ғимараты пандемияға байланысты жиын-тойға шектеу қойылған соң, пайдаланусыз бос тұрған. Қазір тойхана «Достық» спорт мектебіне айналып, онда 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Балаларды спортқа баулитын сегіз білікті бапкер бар. Спорт мектебінінің іші заман талабына сай жасақталған.
Екінші қабатында ересектерге арналған зал бар. Спортқа әуес ауыл жастары бос уақытын сонда өткізеді.