$ 444.22  476.38  4.82

«Ет ұрлаушы» ер адам ұсталды

Ол өзіне назар аудартпау үшін олжасын жақын жердегі басқа кафеге қалдырып кеткен.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Нұр-Сұлтанда кәуапқа арналған етті ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ер адам донер жасайтын кафенің есігін бұзып, маринадталған еттің қорабын ұрлаған. Ол өзіне назар аудартпау үшін олжасын жақын жердегі басқа кафеге қалдырып кеткен. Кейін қайтып оралып, ұрланған заттарды базарға сатпақ болған.

Қазір ұры ұсталды. Келтірілген шығын 45 мың теңгеге бағаланды.

Ер адам бұған дейін де ұқсас қылмыс жасаған. Ол кезде елорда тұрғыны көлікті ұрлағаны үшін сотталған. Бұл жолы ер адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Аталған факті бойынша ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елорда #ұрлық