Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанның орталық саябағында ағаштар не себепті кесіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық саябақта ағаштардың кесіліп жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желідердің бірінде пайда болды. Бұл астананың тұрғындарын таңқалдырды. Есіл ауданының әкімдігі саябақтағы зақымдалған ағаштар кесілгенін мәлімдеді.
"Қаланың аудандарында, оның ішінде біздің Есіл ауданында экологиялық тазалық жұмыстары өтіп жатыр. Бұл жұмыстар көшелерді, аулаларды, аялдамаларды санитарлық тазартуға бағытталған. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген қоқыстарды алып тастау, көгалдандыру алаңдары, ағаштарды кесу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Орталық саябақта "Астана Зеленстрой" ЖШС зақымдалған бұтақтарды санитарлық кесу, сонымен қатар қураған және қурап жатқан ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жұмыстар ережелерге сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады қала әкімдігі.