24.04.2021, 12:40

Такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін айдап кеткен (ВИДЕО)

Мас күйде көлікте екі ер адам болған, олардың біреуі 19, екіншісі 37 жаста.

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол апатын жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицияға Hyundai автокөлігінің жүргізушісі қашықтық сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Оның қозғалыс жолын ЖБО-ның операторы рация бойынша полиция нарядтарына хабарлады. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден қозғалысты тоқтатуды талап етті, бірақ ол бағынбай, жасырына бастады. Полиция қуғынынан қашуға тырысқан тәртіп бұзушы қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Land Cruiser-200 автокөлігімен соқтығысты", - деді Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Атабаев.

Мас күйде көлікте екі ер адам болған, олардың біреуі 19, екіншісі 37 жаста. Деректер базасын тексеру барысында көлік құралы басқа адамға тиесілі екені анықталды. Сондықтан полицейлер ұсталғандарды тергей бастады.

Көлікті тексеру кезінде рөл мен поликтердегі қоңыр дақтар күдік тудырған. Дақтар артқы орындықтың жамылғыларында да болды, кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қанды пышақ тапты. Кейін ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, осы көлікті ұрлап кеткенін мойындаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" және 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.