Әлеумет 03.05.2021 сағат 18:02

Көлігіне нөмір орнына өз есімін жазып алған жүргізуші ұсталды

Бейнежазбада жүргізуші жол бойында өзге көліктерден басып озу мақсатында қарсы бағытқа шыққан.
Көлігіне нөмір орнына өз есімін жазып алған жүргізуші ұсталды
Фото: Sputnik.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысында көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам ауданының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында қала көшелерінің бірінде артқы мемлекеттік нөмірі тұратын орынға өзінің есімін қойып алған автокөліктің бейнежазбасын анықтады.

Бейнежазбада жүргізуші жол бойында өзге көліктерден басып озу мақсатында қарсы бағытқа шыққан. Аудандық полиция қызметкерлері автокөлік иесін табу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Мерседес-Бенц автокөлігі анықталып, оның иесі Ақсукент ауылының тұрғыны екені белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қыз жүк тиегішті ұрлап әкетіп, жол апатын жасады – видео

Ер адам жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабымен жауапқа тартылды.

Қазіргі таңда жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушіге қатысты толтырылған хаттама бойынша жинақталған әкімшілік іс аудандық сотқа жолданды. Жүргізуші кінәсін толық мойындады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар