$ 447.4  477.55  4.76

«Бірінші рет емес»: астанада асфальт опырылып, ортасына түсіп кетті

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды.  Оқиғаға қатысты «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді деп жазды newsroom.kz.

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды. 2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады. Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген компанияның баспасөз қызметі ұсынған жауапта.

Айта кетейік, бұл, сапасыз жолға қатысты астанадағы бірінші оқиға емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары