Алматыда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде ер адам лифтіні жұдырықпен ұрып, қабырғаны тепкіледі. Полиция бұзақыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ер адамның ерсі қылығы әлеуметтік желіде тарады. «Алматы қаласы 8-ықшам аудандағы 41/6-үй. Енді лифт неге жиі бұзылатыны түсінікті болды», - деп жазды желі қолданусының бірі. Алматы қалалық Полиция департаменті атап өткендей, бұл дерек бойынша ешкім арыз жазбаған. Алайда тексеру шаралары ұйымдастырылады.
«Бұл адам анықталып, оның іс-әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Біз оның мұндай іске не үшін барғанын анықтаймыз»,- деді МӘуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.