$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 28 адам ұсталды

Оның ішінде басшылар да бар.
фото: altaynews.kz
фото: altaynews.kz

Ағымдағы жылдың сәуір айында көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс аумағында қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтады.

Көбінесе жауапқа тартылған адамдар Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған деп хабарлады altaynews.kz .

Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Бұл шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Алайда, елден тыс жерлерге уақытша шығатын азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдайды, сол арқылы Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзуға жол береді.

- ПД Көші-қон қызметі басқармасы тұрақты негізде қос азаматтықтың болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін - 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін - 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін - 20 азамат тартылды,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары