$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының 99 пайызын қайда жұмсағаны белгілі болды

Орта есеппен әрбір азамат ипотекаға үш миллион теңгеден астам қаржы салған.
фото: nege.kz
фото: nege.kz

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алуға триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын жұмсаған деп жазды NEGE.

Бұл ақшаның жартысына жуығы, яғни 620 миллиард теңге ипотекасыз баспана сатып алуға кеткен. Екінші орында ипотекалық қарызды ішінара немесе толық өтеу шығындары тұр. Бұл мақсатқа 218 миллиард жұмсалды. Орта есеппен әрбір азамат ипотекаға үш миллион теңгеден астам қаржы салған. Үшінші орында зейнетақы жинақтарын туысқа беру болды.

Қазақстандықтар шамамен 194 миллиард теңге табысын туысқандарына аударған. Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, биыл наурыз айында жаңа баспаналардың бір шаршы метрі ел бойынша 325 мың теңге болса, ескі үйлердің құны 257 мың теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары