06.05.2021, 21:27

Оралда 15 жасар қыз жоғалып кетті

Фото: inform.kz
Белгілері: бойы 150-155 см, арықша келген, шашы сарғылт, ұзын.

Орал қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Белгілері: бойы 150-155 см, арықша келген, шашы сарғылт, ұзын.

Үстіне күлгін түсті пальто, аяғына ұзын қызыл-қара түсті кроссовка киген.

Қандай ма болсын хабары бар адамдар Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шала алады: 8(7112) 92-18-04, 92-18-42.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жас қыздың аспалы көпірден секіріп кеткенін жазған болатынбыз.