Қазақстанда ҰБТ басталды. Кешелі бері әлеуметтік желіде «ҰБТ-ға кірмей-ақ +120 баллды 1 млн. 300 мың теңгеге алып» беремін деген сыңайдағы әңгімелесудің скриншоты жарияланды деп жазды kznews.kz.
Аталмыш дерек көзінің жазуынша, мұндай ақпаратты тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде жариялаған.
Бидос Қалшабек есімді Facebook қолданушысы "ҰБТ саудасы басталды.
Шымкентте, тестілеуге кірмей-ақ, 120+ балл алуға болады", - деп жазған.
"Бидос Қалшабек есімді Facebook қолданушысы бөліскен ақпаратты Антикор тексереді деген үміттеміз", - деп жазады аталмыш дерек көзі.