$ 498.34  519.72  4.85

«Құтырған малдың етін әкелген»: Ауыл шаруашылығы министрлігі оқиғаға пікір білдірді

Елді дүрліктірген ақпаратқа ведомство жауап берді.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

WhatsaApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауру жұқтырған малдың еті Қазақстанға әкелінген жоқ. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сауалына берген жауабында айтылған.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу қолданылады. Шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады", - делінген ведомство жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары