$ 447.4  477.55  4.76

Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақта жолаушы жанжал шығарды

Жазба сипаттамасында ер адам жүгін тіркемегендіктен жанжал шыққаны жазылған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі ұшағында жолаушы жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде ұшақ жолаушысы мен полицейлер арасындағы жанжал түсірілген видео талқыланып жатыр. Кадрлардан бірнеше құқық қорғау органы қызметкерлері ер адамды орнынан көтеруге тырысқаны көрінеді. Басқа жолаушылар бұл уақытта оқиғаны телефонға түсіріп, араша түсуге тырысады. Әйелдердің бірі полицейлерден жолаушыға күш қолданбауды сұрағаны естіледі.

"Ер адамға бола Алматыдан Астанаға (Нұр-Сұлтан - авт.ескерт) ұшып кете алмай отырмыз. Расталмаған мәлімет бойынша, жолаушы жүгін тіркеусіз әуе кемесінің салонына кіргізген. Ол артық төлем жасағысы келмеген. Екі үлкен сөмкені салонға кіргізуге тырсыты. Кейін супервайзерді итеріп жіберді. Бәрін ұшақтан түсіріп, иттермен тексеру жасады", - делінген сипаттамада.

Оқиға 30 мамырда FlyArystan ұшағында болған. Авиакомпания рейс Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталғанын растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жолаушы #ұшақ