Әлеумет 31.05.2021 сағат 12:00

Бала ұрлығына қатысты WhatsApp-та тараған ақпаратқа түсініктеме берілді

Мессенджерлер арқылы ер адам мен әйелдің бала ұрлап жүргені туралы ақпарат тарап кетті.
Бала ұрлығына қатысты WhatsApp-та тараған ақпаратқа түсініктеме берілді
фото: sputnik.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында бала ұрланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мессенджерлер арқылы ер адам мен әйелдің бала ұрлап жүргені туралы ақпарат тарап кетті. Ол алдымен көршілер чатына жіберілген.

"Құрметті көршілер, бүгін таңғы сағат 5-те менің ұлымды ұрлап кете жаздады. Ол күнде таңертең жүгіреді. Жасы – 13-те. Әйел мен еркек оны көлікке сүйреп, алып кеткісі келген. Бірақ балам қашып құтылыпты. Дәл қазір үйге полицейлер келді. Ондай оқиғалар көбейіп кетті дейді. Сақ болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Біз есеңгіреп қалдық, менің балам есін жинай алмай жатыр", - делінген орысша хабарламада.
Автор оқиғаның Нұр-Сұлтандағы қай тұрғын үй кешенінде болғанын да атап өткен.  

Ал қалалық полиция департаменті желіде тараған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Себебі кәмелетке толмаған баланы ұрлау фактісі бойынша арыз-шағым түспепті.

"Жасөспірімді ұрлау оқиғасы бойынша арыз түскен жоқ. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - дейді полицейлер.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар