$ 444.22  476.38  4.82

Солтүстікте 8 жасар қыз жоғалып кетті

8 жасар қыз үйінен сағат 20.00 шамасында ешкімге айтпай шығып кеткен.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында жоғалып кеткен 8 жасар қызды полицейлер мен құтқарушылар іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

8 маусым күні сағат 23.30-да Есіл ауданы Явленка елді мекеніндегі 10-өрт сөндіру бөліміне Покровка ауылында 2012 жылы туған қыздың хабарсыз кеткені жайында хабарлама түседі. 9 маусым күні сағат 10.00-де СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері, аудандық бөлімнің құтқарушылары және полицейлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері жоғалған қызды іздеуді бастады. 8 жасар қыз үйінен сағат 20.00 шамасында ешкімге айтпай шығып кеткен. Есіл өзенінің жағасынан жеткіншектің киімі табылды.

"Есіл өзенінің түбі және өзеннің бойы тексеріліп жатыр. Жеке құрамнан 19 адам, 5 техника және екі қайық жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары жалғасады", - дейді СҚО ТЖД Есіл аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы Кенжебек Қожахметов.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 жасар қыз ауылға жазғы демалысқа қонаққа келген. Кешке жақын үйіне оралмаған соң әжесі учаскелік полиция инспекторына айтады. Ол еріктілер мен ТЖ қызметкерлерін жұмылдырып, баланы іздейді. Өзен жағасында, шамамен ауыл шетінен 500 метрдей жерде қыздың киімдері табылды. Күндіз ол өзімен тетелес немере інісімен ойнаған. Бала үйіне оралған соң, қызбен бірге суға түскенін және оны ағыс алып кеткенін айтқан.

"Өтініш кешкі сағат 23 шамасында келіп түсті. Түні бойы іздестірілді. Қазір жұмыс жалғасуда. Сүңгуірлер шақырылды", - дейді Есіл ауданының полиция басқармасының бастығы Ерлік Есләмбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО