Ақмола облысы Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында қайғылы жағдай болды. Қызын құтқармақ болған анасы өзенге батып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 8 маусым күні түскі уақытта Нұра өзенінде балық аулау кезінде болған.
10 жасар қыз бала анасынан шомылуға рұқсат сұраған. Суға түскен ол ағысқа қарсы тұра алмаған. Қызына көмек керек екенін көрген 43 жастағы әйел баласын құтқаруға асыққан. Бірақ өзі жағаға аман-есен шыға алмаған. Қызы болса жабайы өсімдіктің бұтағынан ұстап үлгеріп, адамдарды көмекке шақырған. Оның дауысын жергілікті тұрғын естіп қалып, жасөспірімді шығарып алған. Ал анасының денесін құтқарушылар кешкі 19:30-да тапқан. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтардан су маңында мүмкіндігінше мұқият болуды және жабдықталмаған жерлерде шомылмауды сұрайды.