$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Биыл қаңтар - мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 774,8 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды деп жазады azattyq-ruhy.kz.

1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 243 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 100 019 теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнетақы