$ 449.3  489.69  4.89

Алматыда ыстық сусыз қалған тұрғындар тас жолды жауып тастады

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
фото: kznews.kz
фото: kznews.kz

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жолдағы O-Jet тұрғын үй кешенінің тұрғындары сәрсенбі күні кешке тас жолды жауып тастады деп жазды kznews.kz.

Qumash Telegram-арнасының мәлімдеуінше, көлік қозғалысын тоқтату үшін адамдар супермаркет маңындағы қоршауларды пайдаланған. Қала тұрғындары ыстық судың өшірілуіне наразы болғандықтан осындай қадамға барған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Көп ұзамай О-Jet тұрғындарының крандарында ыстық су қайта қосылды.

Алматыда жазғы кезеңде су құбырында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ыстық суды бірнеше күнге мезгіл-мезгіл сөндіреді.

Бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Ахметов – Закарпатская – Қалмаржын – Огарев көшелерінің контурындағы үйлер «Аэропорт» қазандығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 14 маусымнан 12 шілдеге дейін бір айға ыстық сусыз қалады деп хабарланған болатын. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары