$ 449.3  489.69  4.89

«Соққыдан құлап, тұра алмады»: Әуежайда зейнеткерді темір қоршау басып қалды

Ол қызы Ольгамен бірге Алматыға ұшуы керек еді, бірақ әуежаңға кіреберістегі баспалдақта төтенше жағдай болды.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Алматылық Наталья Кабеева есімді әйелді Қостанай әуежайында қоршау басып қалды. Нәтижесінде әйел ұшақтың орнына операция үстелінен бір-ақ шықты. Қызының айтуынша, әуежай әкімшілігі бұл жағдайға мүлдем немқұрайдылық танытқан. Әйел көмексіз қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Зейнеткер Наталья Кабеева Қостанай әуежайындағы қоршаудын астында қалған. Ол қызы Ольгамен бірге Алматыға ұшуы керек еді, бірақ әуежаңға кіреберістегі баспалдақта төтенше жағдай болды.

“Ол төмен түсіп, темір қоршауды ұстады. Бұл темір қоршау анаммен бірге құлай бастады, соған сәйкес соққы басына тиді. Алдымен, соққыдан анам оң жағына құлап түсті, содан кейін мүлде тұра алмады”, – деді жәбірленушінің қызы Олга Кабеева.

Нәтижесінде зейнеткер облыстық ауруханаға жатқызылды, аяғы сынған, ем ұзаққа созылады.

“Науқастың жамбасы жабық көп қабатты пертрохантериялық және субтрохантериялық түрде сынған. Оған ота жасалды, қазіргі уақытта ол жарақат бөлімінде, ем қабылдап жатыр”, – деді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Бейтаныс қалада жәбірленушінің қызы қиын жағдайға тап болды, оған жолақы, тұру орны мен тамақтануға жоспарланбаған шығындар қосылды. Ольганың айтуынша, әуежай басшылығы алғашқы бірнеше күнде әйелдің денсаулығына қызығушылық танытпаған, тіпті материалдық көмек көрсетпеген. Ал әкімшілікте көмектесуге дайын екенін айтады, тек бірінші күні стресстік жағдайға байланысты түсінбеушілік болыпты. Дегенмен, мемлекеттік мекемедегі қаржылық мәселелер тез шешілмейді.

“Бұл адамдардың психологиялық және моральдық жағдайын түсініп, әсіресе жақын адамы зардап шеккендіктен, біз өз тарапымыздан жәбірленушіге орналасқан жері, жататын орны, тамақтануы, тасымалдауы, емделуі және басқа да шығындарға көмектесеміз деп шештік”, – деді "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ заңгері Александр Ким.

Сонымен қатар, зардап шеккен тарапқа Алматыға және кері бағытқа ұшу ақысын толық төлеуге уәде берді,  оған қоса Наталья үшін еріп жүрушінің болуын қамтамасыз етеді. Алайда жәбірленушінің қызы шығынын әлі ешкім төлемегенін және ол әуежайды сотқа беретінін айтады.

Сарапшылардың пікірінше, оқиға сақтандыру жағдайы емес, өйткені ұшақта болған жоқ. Сондықтан жолаушылар соттан әділдік іздеуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары