$ 444.22  476.38  4.82

Екі сәбиін де сатып жіберген: Алматыда туған баласын саудалағандар жайлы жаңа деректер айтылды

Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.

Алматылық полицейлер Өзбекстаннан келіп, екі бірдей баласын сатып үлгерген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, 2020 жылдың қараша айында ерлі-зайыптылар жаңа туған баласын Жамбыл облысының тұрғынына сатқан. Үш айдан кейін бала денсаулығына байланысты қайтыс болыпты. 

“Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.   

Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.

"Алматы полиция департаменті бұл фактіні "кәмелетке толмағандар саудасы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліме тіркеді. Ерлі-зайыптыларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр", - дейді департаменттен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары