Қостанайда ер адам 3 қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсауға тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың 1 шілдесінде жедел құтқару бөлімшесінің (ЖҚБ) құтқарушылары авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізді.
Сағат 13: 23-те «112» байланыс пунктіне куәгерлерден оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Юбилейный шағын ауданында көп қабатты үйде 1987 жылы туған ер адам өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасауға тырысты», - делінген хабарламада.
Жігіттің мұндай әрекетке бару себебі - қызымен жанжал болған. Ер адам оның барлық заттарын балконнан лақтырып жіберіп, содан кейін өзі секіруге шешім қабылдаған. Сағат 14: 33-те ТЖД қызметкерлері жеке құрамның 4 адамы мен 1 бірлік техникамен оқиға орнына келіп, құтқару полотносын тартып, көп ұзамай жігіт құлап, аяғын жарақаттады.
Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.