$ 494.87  520.65  4.91

600 кг бекірені заңсыз аулаған күдікті ұсталды

Қара базарда бағасы 2 млн теңгеден асатын су маржанын қайдан және қашан алғанын күдікті айтып бере алмады.

 Тәртіп сақшылары кезекті рейд кезінде Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында тұратын 31 жастағы тұрғынның үйінен салмағы жарты тоннадан асатын 169 дана бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

Қара базарда бағасы 2 млн теңгеден асатын су маржанын қайдан және қашан алғанын күдікті айтып бере алмады. Полицейлер күдіктінің бұл іспен көптен бері айналысатындығын айтып отыр.

Атырау облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны өзінің ауласында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтап және сатып жүргендігі туралы ақпарат келіп түскен.

Қазіргі таңда бұл аталған азаматқа қатысты ҚК-тің 339-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары