$ 513  541.16  4.69

Еліміз бойынша ең арзан жолақыны түркістандықтар төлейді

Азық түлік бағасы, коммуналды қызмет түрлеріне тарифтің шарықтаған тұсында Түркістан қаласындағы қоғамдық көлікте жолақы өзгеріссіз қалды деп жазады Otyrar.kz. Ол 30 теңгені құрайды. 2012 жылы автобустарда 40 теңге деп бекітілген бағаны тасымалдаушы компания халықтың жағдайын ескеріп, 10 теңгеге төмендеткен екен. Дағдарыс қанша қыспаққа алса да осы баға 4 жыл бойы өзгермей келеді.

265 мың халқы бар Түркістанда жолаушыларды тасымалдаумен «Жолаушы» серіктестігі айналысады. Көне қала аумағында автобустарда қатынау бағасы — 30 теңге, ал бастауыш сынып оқушылары қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл бастама осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған. Осылайша Түркістандағы қоғамдық көліктерде жолақы республикадағы ең арзаны болып тұр.

Жолаушылардың қауіпсіздігі де назарда дейді компания мамандары. Ол үшін көліктердің техникалық жағдайын да үнемі бақылауда ұстайды. Нәтижесінде тексерулерден кінаратсыз өтеді. Жергілікті полиция қызметкерлері өткізетін шараларда бұл бірден анықталады, ақауы бар көліктердің бағытқа шығуына жол берілмейді.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамту — мұндағылар үшін басты талап. Яғни, жол ережесі мен тәртіптің сақталуы шарт. Тек осы жағдайда ғана жол көлік оқиғаларының алдын алуға болады дейді талапшыл басшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары