$ 448.89  477.93  4.76

Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

Мемлекетіміздің темірқазығы, азаматтығымыздың айшықты айғағы саналатын Конституциямыздың 21 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәселен, Күмісбастау мен Шарафкент ауылдарында 150 орындық жаңа білім ордасы салынып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл мектептер Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында іске қосылған «25 жылға – 25 мектеп» жобасы аясында жүзеге асқанын айта кету керек. Облыс әкімінің бастамасымен іске асып отырған осынау жоба аясында биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 20-дан астам жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Күмісбастау ауылындағы 1928 жылы негізі қаланған мектепті апатты деп танып, облыстық бюджеттен 272 млн 693 мың теңгеге жаңа мектептің құрылысы жүргізілді.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауыл халқының қуанышымен бөлісті.

Мерекелі күні Кемербастау ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мұндағы 1 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды. Ауыз су құрылысына облыстық бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізген «OSER – A-Group» мердігер мекеме құрылысты уақтылы аяқтап, ел игілігіне тапсырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары