$ 498.34  519.72  4.85

«Ішетін су жоқ!»: Алматы тұрғындары наразылық білдіріп, жолды жауып тастады (ВИДЕО)

Оқиға Бесағаш ауылында болған.

Алматы іргесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде тұратын халық Алматы – Талғар тас жолын жауып тастады деп жазады azattyq-ruhy.kz. Тұрғындардың мұндай қадамға баруына ауыз судың болмауы себеп.

Оқиға 11 шілдеде түнгі сағат 23:00-де басталған. «Нүрия» тұрғын үй кешенінің жүздеген тұрғыны тас жолға шығып, ондағы қозғалысты мүлдем тоқтатқан. Оқиға орнында түсірілген видеокадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады.

Тұрғындармен кездесуге аудандық әкімдіктен шенділер келген. Олар судың жоқтығы – құбырдың төрт рет тесілуінен деп түсіндірді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, су беру қалпына келтірілді деп ант-су ішті олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары