$ 498.34  519.72  4.85

«Сені тоққа салып, ағаларыңды мүгедек қыламыз» - «Завучтан» зәбір көрген келіншек

"Бейәдеп сөз айтып сөйлейді. Өзіне қарсы шыққандарды жақтырмайды", - дейді ол.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Өткен айда аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Оның бұл іс-әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейіннен белгілі болғандай, былапыт сөзді қарша боратқан әйел Ұлжан Елмұратова - Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істейді.  

Осы оқиғадан соң Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының пәрменімен Ұлжан Елмұратова қызметінен босатылған болатын. Дегенмен бұған қатысты дау әлі тыншымай тұр. Жақында Бадам ауылының тұрғыны тұрғыны Ақкүміс Нышанбекқызы Ұлжан Елмұратовадан көрген зәбірін танымал заңгер Айгүл Орынбекке баяндап берді.  

- Ұлжан Елмұратова бір күні анама келіп мені жұмысқа орналыстырғысы келетінін айтты. Жұмысқа мейірбике қылып кіргізу үшін 800 мың теңге сұрады. Ол ақшаны бердік.  

Мен және тағы бір қыз жұмысқа кіреміз деп құжат жинап жүрген кезде Ұлжан Елмұратова бізге "алтынымды ұрладыңдар" деп үстімізден шағым түсірді. Бізді РОВД-ға алып барды. Жанымдағы Сымбат деген "Ақкүміс алтынды алмады" деп куәлік етті. Бірақ ертесіне ол мені алды деп шықты. Себебі оны тергеушілер әбден қорқытқан сияқты. Ақыры соңында олар менен 300 мың теңге талап етті. Жұмысқа кіргеніме 800 мың теңге, Ұлжан Елмұратова "сені жұмысқа кіргіздім, көйлегіме ақша бер" дегесін 100 мың теңге бердік. Сөйтіп ең соңында "алтынымды ұрлады" деп 300 мың теңге алды. Оны анам қорыққаннан берді. Кез-келген ата-ана перзентін ойлап береді ғой. Ұлжан Елмұратова анамды жеке алып кете беріп жүріп ақшаны алып алды. Олар мені "сені тоққа саламыз" деп қорқытты. Ақшаны алған соң "істі жаптық" деді. Іс ашылды ма, оны да білмейміз. Олар мені "ағаларың мүгедек болып қалуы мүмкін" деп қорқытты. Бейәдеп сөз айтып сөйлейді. Өзіне қарсы шыққандарды жақтырмайды, - деп көзіне жас алды Ақкүміс Нышанбекқызы.  

Еске сала кетейік, кеше Бадам ауылында Ұлжан Елмұратовадан зәбір көрген Бадам ауылының тұрғындары көшеге наразылық танытып шықты. 

Oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары