$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда биыл Құрбан айт қалай өтеді?

Құрбандыққа шалынған мал Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы сою алаңында сойылады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесі қалай тойланатынын айтап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Брифингте Бекшин биылғы жылы Құрбан айт мерекесі бұрынғыдай форматта, яғни онлайн-режимде өтетінін айтты.
"Өткен жылы біз алғаш рет Құрбан айтты онлайн режимде өткіздік. Өткен жылдың тәжірибесі садақаның да, құрбан шалудың да  болғанын көрсетті. Онлайн режимінде өткізуге болады. Qurban-2021 сайты арқылы садақа, сондай-ақ "құрбан шалуды" ұйымдастыруға қаражат түседі. Құрбандыққа шалынған мал Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы сою алаңында сойылады", – деді Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, биылғы жылы барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі үшін дін істері басқармасымен және мүфтимен қосымша кездесу өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары