$ 494.87  520.65  4.91

Түрмелерге камера орнату үшін 3,7 млрд теңге бөлінетін болды

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда телефон мен SIM-карталар, USB-сымдарды жыныс мүшесіне жасырған әйел түрмеге кірмек болғанын жазған едік.

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 33 мыңнан астам цифрлы бейнекамера орнату қажет. Бұған шамамен 3,7 миллиард теңге жұмсалады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының басшысы Бибігүл Мұңайтпасова мәлімдеді.

"Мекемелердегі көрінбейтін аймақтарды толығымен жою үшін 33 мыңнан астам цифрлы бейнекамера қажет. Биыл қылмыстық-атқару жүйесінің 29 мекемесіне бейнекамера орнату үшін 3,7 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді", - деді ол брифингте. Бейнекамера 2023 жылға дейін үш жыл бойы сатып алынады. Оған қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ашық конкурс өткізеді, барлық тілек білдіруші қатыса алады. "Бөлінген сома бейнекамералардың өзіне ғана емес, сонымен қатар бейнебақылау жүйесі онсыз жұмыс істей алмайтын тіркеуіш, коммутатор, басқару серверлерін де қамтиды", - деп толықтырды Мұңайтпасова. Сонымен қатар бұл сомаға қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне арналған бейнетіркегіштер кіреді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда телефон мен SIM-карталар, USB-сымдарды жыныс мүшесіне жасырған әйел түрмеге кірмек болғанын жазған едік. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде айтылғандай, 30 жастағы павлодарлық әйел адам кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан күйеуімен кездесуге келген. Әйелді тексеріп қарау кезінде металл іздегіш сигналы белгі берген.

"Мекеменің әскери қызметкерлері мен әйел қызметкерлері әйелді мұқият тексергеннен кейін одан контрацепция құралында жасырылған тыйым салынған заттар бар екені анықталды. Ондағы заттарды тексерген кезде ұялы телефон, 7 сим-карта және USB сымы табылды", – деп хабарлады департаментте. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары