14.07.2021, 16:00

«Көліктің ортасында қысылып қалған»: Алматыда жүргізуші тротуарда екі қызды қағып кетті

фото: tengrinews.kz
Сонымен қатар, жазбада оқиға видеосы салынған.

Алматыда көлік жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Istagram-дағы meganews.kz парақшасында Алматы тұрғынының үндеуі жарияланды. Ол 1 маусымда сағат 18.15-те "Алтын орда" тұрғын үйінің маңында Ходжанов көшесінің бойында оның әйелі мен әріптесін көлік қағып кеткенін айтқан. Жазба авторының сөзінше, екі жәбірленуші тротуарда келе жатқан. Оның бірі бірнеше метр жерге, екіншісі дуал мен көліктің ортасында қысылып қалған.

Сонымен қатар, жазбада оқиға видеосы салынған. Автор күдікті жауапкершілікке тартылмағанына сенімді. 

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық ПБ тексеріп жатқанын хабарлады.

"Бұған дейін зардап шеккендердің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажет сараптамалық зерттеу тағайындалған болатын. Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта дайын емес", - деді Рустам Әбдірахманов.

Полиция басшысының орынбасарының айтуынша, бұл дерек бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданған жоқ.