Әлеумет 14.07.2021 сағат 17:00

«Жеті жыл тозақта өмір сүрдім»: Шымкенттік келіншек жылдар бойы күйеуінен көрген қорлығын айтты

Әкесі де қызын қолдайтынын, алайда күйеуіне қайтып оралмауын сұрапты.
«Жеті жыл тозақта өмір сүрдім»: Шымкенттік келіншек жылдар бойы күйеуінен көрген қорлығын айтты
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкентте күйеуінен қорлық көрген 31 жастағы келіншек жеті жыл бойы өзінің тозақта өмір сүргенін айтады. Бес баланың анасы Гүлмира бүгінде өңірдегі "Көмек" дағдарыс орталығын паналап отыр деп хабарлайды vera.kz.

Басылымға сұхбат берген Гүлмира өзінің басынан өткерген ауыр жағдайды баяндады.

"Бұл менің екінші некем. Жеті жылда мен екінші күйеуіме төрт бала тауып бердім. Жолдасым жұмыс істемеді, тек ішіп, шегумен ғана болды. Бар керек-жарағын әке-шешесі алып беретін. Ішімдікке тойып алып келіп, мені әке-шешесінің, балалардың көзінше де зорлайтын. Талай рет мәселенің шешімін таппақ болдым, бірақ ішімдік пен есірткі бәрібір оны жеңді. Кейде сау кезінде балаларды алып, серуендеуге шыққанын, олардың бақытты болғанын көріп, бәріне шыдадым. Талай рет бәрін қоямын деп сөз берді. Бірақ ол сөзінде тұрмады", - деп налыды келіншек.

Гүлмираның сөзінше, 2019 жылы жолдасымен ажырасып, әкесіне Сарыағашқа кетпек болыпты. Әкесі де қызын қолдайтынын, алайда күйеуіне қайтып оралмауын сұрапты. Бірақ бұрынғы күйеуі тағы келіп, келіншектің аяғына жығылып, кешірім сұрап, оны қайтарып алыпты. Десе де жарты жыл өтсен соң, келіншегіне қол көтеруді қайта бастапты.

"15-ші желтоқсанда біз барлық отбасымызбен моншаға бардық. Сол кезде ол бәрінің көзінше мені балағаттап, намысымды жерге таптады. Мен сонда өзімнің ешкімге керек емес екенімді алғаш рет сезіндім. Сөйтіп үйдегі парацетамол мен енемнің қан қысымына керек дәрілерін ішіп алдым. 7 жасар Нұрсезім атты қызым мені көріп, жедел жәрдем шақырып, аман алып қалды",-дейді бес баланың анасы.

Гүлмира балаларымен бүгінде өңірдегі "Көмек" дағдарыс орталығында тұрып жатыр.

"Оған менің нөмерімді беріпті. Телефонмен сөйлестік, өмірден түңілгенін, жеті жылдың ішінде бір күні де бақытты болмағанын айтты. Мен оған балалары үшім өмір сүруі керек деп қолдау көрсеттім. Сол кезде оның бесінші балаға ауыр екені белгілі болып, кенже қызын ол біздің орталықта босанды", - дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова. Орталық директоры Гүлмираға баспана алу мәселесіне көмектесетін жандар табылып, келіншектің жұмысқа тұрғанын қалайды.

Айтуынша, бес баланың анасы екі айлық қызына қарамастан, үйде тәтті-дәмділерге тапсырып қабылдап, сата алады екен. Гүлмира мен оның бес баласына көмек қолын созамын деушілер "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Абдрашеваның телефон нөмеріне хабарласа алады: +7775 465 4318. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар