$ 494.87  520.65  4.91

Бас мүфти айт күндері азық-түлікке жеңілдік жасауды ұсынды

Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге түсіп отыр.

Құрбан айт күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасаған жөн. Мұндай ұсынысты ҚР Бас мүфтиі, ҚМДБ төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміздің Бас мүфтиі індеттің кесірінен болып жатқан қымбатшылықты ескере келе, кәсіпкерлерге мұсылмандар мейрамында тұрғындар үшін жеңілдіктер жасауды ұсынды.

«Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін», - деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге түсіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құрбан айт