Әлеумет 29.07.2021 сағат 22:56

Қазақстанда 14 жыл бойы заңсыз зейнетақы алған Ресей азаматшасы анықталды

Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда 14 жыл бойы заңсыз зейнетақы алған Ресей азаматшасы анықталды
Фото: ғаламтордан
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай облысында Ресей азаматы 14 жылдан бері заңсыз зейнетақы алып келген деп жазды NEGE. 

Қостанай облыстық соты В. есімді азаматшаның Ресейде 1998 жылдан бері зейнетақы алып келгенін хабарлады. Бірақ оған бір зейнетақы жеткіліксіз болып, ол 2006 жылы ҚР зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жасына байланысты зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. ҚР азаматының жеке куәлігін көрсетіп, Ресей Федерациясының азаматтығының болуы фактісін жасырып қалған екен.

Оның бір мезгілде Қазақстанда да, Ресейде де зейнетақы алғаны былтыр белгілі болды.

Төлемдер 2020 жылдың 1 шілдесінде тоқтатылды.

ҚР паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін В-ны ағымдағы жылдың шілдесінде Ұзынкөл ауданы ІІБ көші-қон қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

28.06.2006 ж. бастап 30.04.2020 ж. аралығындағы кезеңде В. 9 401 727 теңге мөлшерінде заңсыз зейнетақы төлемдерін алған.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-нің талап-арызын сот қанағаттандырып, В-дан республикалық бюджеттің кірісіне жасына байланысты заңсыз алынған зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің сомасын - 9 401 727 теңге мөлшерінде өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар