$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері қанша ел тұрғыны баспаналы болды?

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2,6 пайызға, жайлы үйлерді қайта сату 0,9 пайызға өсті деп хабарлаған.

Жыл басынан бері 6,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұндай ақпаратпен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі бөлісті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Салынған тұрғын үй саны бойынша Атырау (188,1 пайыз), Қостанай (120,9 пайыз) және Жамбыл (114,9 пайыз) облыстары көш бастап тұр. Барлық аймақтарда өсім байқалады, барлығы 56 мың тұрғын үй салынды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 17  млн шаршы метр пәтер немесе 163 000 тұрғын үй салынады, оның 48,3 мың пәтері мемлекеттік инвестиция есебінен.

«Нұрлы жерді» іске асыру үшін келесі механизмдер қолданылады:

ипотекалық тұрғын үй заемдарын субсидиялау,
құрылыс салушыларға несиелерді субсидиялау,
инженерлік инфрақұрылымды құрылыс алаңдарына, оның ішінде жеке құрылысқа жеткізу.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2,6 пайызға, жайлы үйлерді қайта сату 0,9 пайызға өсті деп хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары