$ 494.87  520.65  4.91

«Ойнауға шығып, қайта оралмаған»: 4 күн бұрын жоғалған балалардың жайы не болды?

Балалар үйлеріне жеткізілді, олардың жағдайы жақсы.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

27 шілдеде жоғалып кеткен 9 және 11 жастағы балалар табылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

«Түнгі сағат 02.00 шамасында Тархан көшесі бойында полиция қызметкері Нұржанғали Бүркіт бұрын іздеуде жүрген екі баланы байқап қалды. Полицейлер балаларды бірден «Байқоңыр» аудандық ПБ жеткізді. Күндіз балалар алаңға ойнауға шығып, қайта оралмаған. Балалардың анасы өзі іздеп көрмек болған. Балаларын таба алмаған соң келесі күні полицияға келген», - дейді ведомство өкілдері. 

Бұл әйел бұған дейін бірнеше рет түнгі уақытта балаларын ата-ана қарауынсыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары