$ 444.32  473.33  4.76

Ислам дінінде екпе жасатуға рұқсат етілген бе? Имам жауап берді

Спикердің сөзінше, ислам діні әрбір адамға өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және ауру-сырқаттан емделудің алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді.

Бүгін баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы шариғат бойынша вакцина салдыру туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Бір дерттің ғана дауасы жоқ, ол – кәрілік", – деді (Ахмад ибн Ханбал). Бұл хадис әрбір дерттің емі бар екенін білдіреді. Әйтсе де ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген кісі зиян көрмейтіні анық”, – деді бас имам.

Спикердің сөзінше, ислам діні әрбір адамға өз өмірі мен денсаулығына дұрыс күтім жасауға және ауру-сырқаттан емделудің алдын алу жолдарын іздеуге міндеттейді.

Брифинг барысында бас имамның орынбасары Мұхамеджан Жамантайұлы вакциналауға қатысты мынадай шарттарға мән беру қажеттігін атап өтті.

“Вакциналау заңды түрде әрі кәсіби мамандардың нұсқауымен жүзеге асуы керек. Бұл мәселе медицинаға қатысты болғандықтан, сол саланың мамандары оны жан-жақты зерттеп, адамның денсаулығына пайдалы немесе зиянды тұстарын анықтап, оны қолдану туралы нақты шешім қабылдауы тиіс. Өйткені Алла Тағала Құранда: "Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар" ("Нахыл" сүресі, 43-аят), – делінген”, – деді бас имамның орынбасары.

Сонымен қатар, вакцина құрамында шариғатта тыйым салынған заттардың болмауы керек. Себебі шариғатта кез келген харам және нәжіс затпен емделуге рұқсат жоқ. Бірақ зәрулік жағдайларда, яғни, екпе қолданбаған жағдайда өміріне қауіп төнетін болса және одан басқа халал түрі табылмаса, бар екпені қолдануға рұқсат етіледі. Өйткені Алла Тағала: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар" ("Бақара" сүресі, 195-аят) – деп бұйырған. 

Айта кетейік, жалпы, аурудың алдын алу мақсатында вакциналау – мүбах (рұқсат). Яғни қоғамда жұқпалы (вирустық) аурулар күшейіп, өзіне және өзге адамдарға зияны тию ықтималы артса, сол ауруға қарсы екпе алу қажет болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вакцина