$ 494.87  520.65  4.91

Вагон астынан өтпек болған әйелдің қызын пойыз мыжып кетті

Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Таразда үш жасар қызды жүк пойызы басып кетті. Ауыр жарақат алған сәби оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады "Хабар 24".  

Қайғылы жағдай Құмшағал бекетінде болды. Тараз стансасы желілік полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы теміржолда тұрған вагондардың астынан өтпек болған. Сол мезетте пойыз қозғалып кетіп бүлдіршінді мыжып кеткен.

Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Ол жерде кінәлі адамдардың бар-жоғы тергеу амалдары кезінде анықталады", - деді Тараз стансасы желілік полиция бөлімінің бөлімше басшысы Мақсат Дүйсенбиев. ­

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#вагон