Әлеумет 19.08.2021 сағат 16:00

«Унитазға байланған мүгедек балалар»: Атырауда шу тудырған видеоға түсінік берілді

Қазір Атырау қалалық полиция басқармасы таралған бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізуде.
«Унитазға байланған мүгедек балалар»: Атырауда шу тудырған видеоға түсінік берілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атырауда «унитазға байланған мүгедек балалар» туралы видеоға түсінік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариеваның айтуынша, бұл видеоны биылғы жылдың 8 сәуірінде шаруашылық бикесі түсірген.

«Басқарма басшылығы аталған видеоға байланысты №3 облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен жиын өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Тиісті бақылау жүргізбеген орталық директорына «қатаң сөгіс» беріліп, тәртіптік жаза қолданылды», - деді Альфия Төлеғариева. Маусым айында облыстық прокуратура орталықтағы балалардың құқықтарын қорғау заңдылығына кешенді тексеру жүргізген. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен ҮЕҰ өкілдері орталықтағы қызмет көрсету барысымен танысқан.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары мен кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия прокуратура, депутаттар, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізген. Комиссия мүшелері орталықты аралап, балалардың жағдайымен, тамақтану жайымен жіті танысқан. Альфия Төлеғариеваның айтуынша, орталықта мүлік ұрлығы орын алып, оған шаруашылық бикесінің қатысы бары анықталған.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаруашылық бикесі істің мән-жайы анықталғанға дейін қызметтен уақытша шеттетілді. Қазір ол орталықтың қызметкері емес. Орталық ұжымы оның үстінен облыс прокурорының атына ұжымдық арыз жазды.

Арызда оның қызметтік этиканы сақтамауы, ұрлыққа барғаны, жала жабу мен басқа да заңбұзушылықтар туралы айтылған. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасы таралған бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізуде», - дейді Альфия Төлеғариева.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар