$ 494.87  520.65  4.91

Кафеде күзетшілерді ұрған полицейлер қамауға алынды

Бірден ол адамдар ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды.

Қапшағайда кафенің екі күзетшісін ұрған полицейлер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев Instagram желісінде тұрғындармен жүргізілген тікелей эфир барысында Қапшағайда екі күзетшіні ұрған полицейлер туралы пікір білдірді.

"Бейнежазбада күзетшілерді ұрып жатқан полиция қызметкерлері екені көрініп тұр. Бірден ол адамдар ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды. Кафенің барлық адамдарынан түсініктеме алынды. Олар да полицейлердің тарапынан бұзақылық әрекеті болғанын растап берді. Екі күзетшіден бұзақыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде арыз түсті. Біз өз ұстанымымызда қаламыз, заңды бұзғандар жауапқа тартылады. Барлық тәртіп бұзған полицейлер заң алдында жауап береді. Кеше олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған.

Тәртіп сақшыларының түнгі оқиғаға қатысы көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен расталды, ол кейін әлеуметтік желілерде таралды. 
Жанжалдың туындауына күзетшінің әрекеті себеп болған.

Яғни, ол демалушыларға демалыс орнының жабылатынын айтып, бірнеше рет ескерту жасаған. Бұл жайт тәртіп сақшыларына ұнамағанға ұқсайды. Сол себепті күзетшілерді ұрған болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары