$ 448.15  483.46  4.86

Атырауда «ұшатын» балықтардың ВИДЕОСЫ тарады

Атырау тұрғындары Жайық өзенінде судан секіріп шыққан балықтарды видеоға түсіріп алды.

Ихтиолог мамандар Жайық пен Қиғаш өзендеріндегі балықтардың бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр. Куәгерлер топтасқан балықтардың судан ыршып секіріп жатқанын видеоға түсіріп алған. Кейбір балық тіпті видео жасаған адамдар мінген қайыққа да секіріп түскен.

"Хабар 24" телеарнасы атыраулықтар смартфонға түсірген осы видеожазбаны көрсетті.

Жергілікті халықтың айтуынша, мұндай жағдай Жайық өзенінде бірінші рет болып тұрған жоқ және тұрғындар балықтардың әрекетіне таңданыстарын жасырмады. Тұқы тәрізбес балықтар бүкіл өзеннің өн бойында судан ыршып шығып жатқанын көруге болады.
Ихтиолог мамандар судағы тіршілік иелерінің "оғаш" әрекетіне уылдырық шашу кезеңі, судың сапасының нашарлауы, суда оттегі жетіспеушілігі, қатты жарық немесе шу себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар олар екі жылдан бері Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатқанын еске салды. Бұл да балықтардың судан "ұшуына" себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #Балық