$ 439.4  473.54  4.76

Өскеменде әскери қызметші көршісін құтқарып қалды

Қазіргі уақытта науқас бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Өскемен қаласында Ұлттық ұлан әскери қызметшісі көршісін құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, байланыс взводының кіші сержанты Данияр Берлікбаев көршісін құтқарып қалған. Оқиға болған күні ол кезекшіліктен кейін үйінде демалып жатты. Таңертең Данияр кіреберісте қараусыз жүрген мысықтарды көрген. Бұл көршінің мысықтары екендігін байқаған сарбаз оған ескертпек болады.

«Байқасам, көршінің есігі сәл ашық тұр екен. Қағып едім, ешкім жауап қатпады. Есікті ашқанымда еденде аузынан көбік ағып жатқан көрші әйелді көрдім. Бірден жедел жәрдемге қоңырау шалдым», - дейді кіші сержант.

Дәрігерлер келіп жеткенше Данияр оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиюға көмектескен. Қазіргі уақытта науқас бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұлан #ұлттық