28.08.2021, 13:05

Алматының бірқатар ауданында суық суды тоқтатып тастады

«Алматы су» коммуналдық кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оңтүстік астананың М.Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 31тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін М.Әуезов ауданының «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Мамыр-1», «Мамыр-2», «Мамыр-4», «Мамыр-5» «Мамыр- 6», «Мамыр-7», ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

«Сонымен қатар, Достық- Шаляпин -Яссауи -Б. Момышұлы- Абай көшелерінің аймағында орналасқан ғимараттарда су болмайды. Енгізілген шектеулер сумен жабдықтау объектісіндегі технологиялық жабдықты ауыстыру үшін қажет»,- деп хабарлады «Алматы су» МКК.

Жөндеу жұмыстары кезінде жоғарыда аталған аумақтарда орналасқан денсаулық сақтау және білім беру нысандары ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Алматы су» коммуналдық кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

 

Тегтер: Алматы Су