$ 444.22  476.38  4.82

Елордада сауда орталығы өртеніп жатыр

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Нұр-Сұлтанда "Тұлпар" сауда орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ғимаратта сауда бутиктері жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24 "Тұлпар" сауда үйінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті. 3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінгені хабарланды. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы мен жеке құрамның 71 адамы жұмылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары