$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбелік азамат ойыншық қарумен микрокредиттік ұйымды тонаған

Олар қылмыскерді ізін суытпай қолға түсірген.

Ақтөбе қаласының тұрғыны ойыншық қарумен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кеткен, деп хабарлайды  Polisia.kz.
Қаржылық ұйымның кеңсесіне кірген арампиғылды азамат 22 жасар мекеме қызметкерін қаруымен үркітіп, 74 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен.

Қылмыс болған жерге полицияның біріктірілген отрядтары тез арада жіберіліп, олар қылмыскерді ізін суытпай қолға түсірген.

Күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады. Қолындағы қару ойыншық болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция