$ 494.87  520.65  4.91

«286 педофил бостандықта жүр» – Қайрат Құдайберген

Соңғы 5 бес жылда Қазақстанда балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің 3 893 фактісі тіркелді.

Кәмелетке толмағандарға жыныстық қылмыс жасаған үшін сотталған және бостандықта жүрген 286 адам тіркелгені туралы Қайрат Құдайберген өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Маслихат депутатының айтуынша, қылмыскерлердің көпшілігі Түркістан облысында, Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда, Өскеменде және Ақтөбеде тұрады.

– Біздің қалаларымыз көшелерінде қаншама осындай адамдар жүр? ҚР Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы тек үш айдың ішінде ересектердің іс-әрекетінен 1 000-ға жуық бала зардап шеккен. Олар зорланған, азапталған! – деді Құдайберген.

Депутат жазған мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 бес жылда Қазақстанда балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің 3 893 фактісі тіркелді.

– Осындайға әрі қарай шыдай береміз ба? Қазір Қазақстан түрмелерінде 1 861 педофил жазасын өтеп жатыр. 50 педофил осы жылдың маусым айында босатылды. Оларды түзетуге бола ма? Психологтар «ЖОҚ!» деп жауап беруде, – деді депутат өзінің Facebook парақшасында.  

Қайрат Құдайберген Мәжіліс депутаттарының қатысуымен тиісті ведомстволар қоғамдағы зорлық-зомбылыққа, педофилияға және балаларға қарсы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуін талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#депутат